Қазақстанда екі жыл мерзімге әскери борышын өтеуге запастағы офицерлер шақырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкіметтің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына сәйкес, 2025 жылы әскери қызметке жарамды және бұрын оны өтемеген запастағы офицерлер офицерлік құрам бойынша әскери қызметке шақырылады.
Қарулы Күштер қатарына 700 адамды, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне 80 адамды, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына 131 адамды, Төтенше жағдайлар министрлігіне 4 адамды шақыру жоспарланды. Келер жылы барлығы 915 запастағы офицер шақырылады.
Қаулы 2024 жылғы 30 қарашадан бастап күшіне енеді.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда қызметке жарамды, бірақ оны өтемеген 752 запастағы офицер әскери қызметке шақырылды.