• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:10

Павлодарда орташа жалақы 14 пайызға өсті

31 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде жалақы өсіп, жұмыссыздық деңгейі төмен күйінде қалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Оған облыстық бюджеттің барлық қаражатының 52% бағытталады, бұл оның жоғары әлеуметтік бағдарланғандығын көрсетеді. Біз 26 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы мен жалақы өсуінің арқасында 4,7%-дан аспайтын салыстырмалы түрде төмен жұмыссыздық деңгейін сақтай аламыз. Облыста орташа айлық жалақы 360 мың теңгеден асты, оның 9 айдағы өсімі 14 пайыздан асты», деді Асайын Байханов.

Әкім кәсіпкерлікті және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарына 653 миллион теңгенің 442 гранты бөлінгенін хабарлады.

Асайын Байхановтың айтуынша, бұқаралық спортты дамыту үшін облыстың қалалары мен ауылдарында 125 жаңа спорт алаңы жабдықталған. Медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 511 бірлік жабдық және 40 бірлік санитарлық көлік сатып алынды, бұл олардың жарақтандырылуын 68%-дан 84%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы бұл көрсеткіш 100%-ға дейін жеткізіледі деп жоспарланып отыр.