• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 16:05

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

33 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мамандардың деректеріне сәйкес, қараша айының 26, 27 және 28-і күндері Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді.

Метеорологтардың мәлімдемесіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайды, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанып отыр.

«Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болуы ықтимал», делінген хабарламада. Сонымен қатар республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с. Ал елдің оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.