• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Жоба 26 Қараша, 2024

Серіктестікке серпін берген қадам

93 рет
көрсетілді

«ҚМГ» мен «Татнефть» «Қаратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Атырау облысында бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, сондай-ақ ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты.

– «Қаратон Подсолевой» учас­ке­сінде алғашқы іздеу ұңғы­масын бұрғылауды бастау – Қазақ­станның ресурстық базасын нығайтуға жасал­ған маңыз­ды қадам. Бұл жоба біз­­дің қор көлемін ұлғайту және жер қой­науының күрделі учаске­ле­рін иге­руге бағытталған стра­те­гия­лық мін­дет­те­рі­мізге сай келеді. «Татнефть» ком­паниясымен бірлескен күш-жігеріміз нәти­желі болып, елі­міз­дің мұнай-газ саласындағы әле­уетін арт­ты­руға үлес қосатынына сенім­ді­міз, – деп атап өтті А.Хасенов.

– Біз Қазақстандағы әріптес­тер­мен түрлі бағытта өзара байланыс орнаттық. Бүгінгі іс-шара – сол серіктестігіміздің табысты жалғасының жарқын көрінісі. «Қаратон Подсолевой» учаскесінің әлеуеті зор, бұл Қазақстан Үкіме­тінің қолдауының арқасын­да жаңа табысты ортақ жобалардың негізіне айнала алады, – деп атап өтті «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов.

«Қаратон Подсолевой» жобасы еліміздегі күрделі кен орындарының инвестициялық тар­тымдылығын едәуір арт­тырған. Жақсартылған мо­дель­дік келісімшарт шеңбе­рінде іске асырылуда. Бұл механизм жер қой­­­науы­ның күрделі учаскелерін барлау және игеру үшін жағдай жасай отырып, маңызды реттеуші және фис­калды преференцияларды ұсынады.

Жер қойнауында терең орна­ласқан көмірсутектерді іздеу тех­­никалық тұрғыдан үлкен қиын­дық­тармен қатар жүреді, оған бе­ріл­ген тереңдік, ықтимал жоға­ры қабат қысымы, күкіртті сутектің болуы және қалың тұз шөгін­ділерін жатқызуға болады.

«Қаратон Подсолевой» учас­ке­сі Теңіз ірі кен орны мен «Ембі­мұ­най­газ» компаниясының кен орын­дарына жақын орна­ласқан.