Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытындысы белгілі болды. Осыған орай Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен бекітілген Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларына сәйкес Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академиктерінің жалпы жиналысының шешімі шықты.
Соған орай: «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі («Медина және денсаулық сақтау») бағытында медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы Диляра Кайдарова;
«Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар») бағытында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Инженерлік механика және модельдеу ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Айдархан Қалтаев, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машина тану институты» ШЖҚ РМК бас ғылыми қызметкері Бағдат Телтаев, химия ғылымдарының кандидаты, PhD (TokyoTech), профессор, «National Laboratory Astana» Энергетика және жаңа материалдар ғылымы орталығының басшысы Жұмабай Бакенов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Эрлан Батырбеков;
«Агробиоресурстар және экология туралы» ғылымдар бөлімшесі («Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары») бағытында ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Денсаулық сақтау министрлігі «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу институты» ЖШС «Жұқпалы ауруларды бақылау» зертханасының бас ғылыми қызметкері Мұхит Орынбаев;
«Білім және қоғамды дамыту туралы» ғылымдар бөлімшесі («Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер») ғылыми бағытында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық музейдің бас ғылыми қызметкері Жәкен Таймағамбетов Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.