Қараша айының басында жоғалып кеткен әйел мен ер адам тірі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 қарашада Есіл аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғыннан бірге тұратын әйелдің жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен. Анықталғандай, әйел 6 қараша күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Сонымен қатар 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалып кеткені туралы арызбен хабарласқан. Ол 8 қарашада пәтерінен шығып кеткен.
«Осы күндері облыста жүргізілген «Құқықтық тәртіп» операциясы аясында полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған екі азаматтың да мекенжайын анықтады», делінген хабарламада.