Оқиға 26 Қараша, 2024

Алматыда автобус пен тепловоз соқтығысты

124 рет
көрсетілді

Аталған соқтығысу салдарынан 6 жолаушы жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға сағат 11:40–та Алмалы ауданында болған.

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәлім етуінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі № 88 автобустың тепловозбен соқтығысуы салдарынан қоғамдық көліктің 6 жолаушысы зардап шеккен.

«Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа да мән-жағдайлары анықталып жатыр», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар