• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 13:04

Байден мен Трамп билікті тапсыру жөніндегі келісімге қол қойды

19 рет
көрсетілді

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің өкілеттік мерзімі 2025 жылдың 20 қаңтарында аяқталады, сол күні Америка Құрама Штаттарының жаңа президентінің инаугурациясы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақ үй аппаратының жаңа басшысы Сьюзи Уайлстың мәлімдеуінше, енді Трамп командасы өз адамдарын түрлі департамент пен агенттікке жіберіп, барлық іс пен құжатты қабылдап ала бастайды.

«Жаңа үкімет құрамын жасақтау ісін аяқтаған соң президент болып сайланған Трамп әкімшілігімен көшуге кіріседі», деп мәлімдеді Уайлс.

Алайда, басылым мәліметінше, Байден әкімшілігімен жасалған келісім билік тапсырған уақытта қабылдаған әдеттегі меморандумның шағын нұсқасы болса керек.

Уайлстың айтуынша, Трамп командасы демеушілерінің бәрінің аты-жөнін атауды, шетелден бір тиын алмауды міндетіне алып отыр.

Бұған қоса, Уайлс мемлекет ақшасын жаратпайтынын, оның бүкіл жұмысы жеке көздерден қаржыланатынын жеткізді.