• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 09:50

Демократияның даму көрінісі

14 рет
көрсетілді

Семей қаласында мәсли­хаттар­дың құрылғанына 30 жыл толуына арнал­ған облыстық фо­рум өт­кізілді. Іс-шараға 450-ден аса қатысушы жи­нал­­­ды. Олар­дың қата­рын­да Пар­ламент Сена­ты­ның депутат­тары Қай­рат Тастекеев пен Ай­нұр Арғынбекова, «Қа­зақ­­стан мәслихаттары депу­­таттарының бірлестігі» төрағасы Төлеубек Мұқашев, сондай-ақ ардагерлер мен барлық деңгейдегі депутаттар бар.

Форумда демократия мен жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйесін ны­­­ғай­тудағы мәслихаттардың рө­лі атал­ды. Халықпен қарым-қаты­­­нас­ты нығайтуда, ел ішінде қорда­ланған мәселелерді жергілікті билік­ке жеткізуде депутаттардың атқара­тын қызметі де шет қалған жоқ. Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың құрылуы – еліміздің демократиялық дамуындағы маңызды белестерінің бірі екені даусыз. Ха­лық пен билік арасындағы «алтын көпір» болған бұл мемлекеттік инс­­титут елдік мүдде жолында өзі­нің тиімділігін көрсетіп келе жатыр.

«Абай елі қайта түлеп, еңсе көтер­генде де, біздің депутаттық корпус өзінің саяси белсенділігі мен жауап­кершілігін көрсете білді. Орайы келгенде, өңірдің әлеумет­тік-экономикалық дамуына зор үле­сін қосқан барша депутаттарға шынайы ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді», деді жиында сөз алған өңір басшысы Нұрлан Ұран- хаев.

Форум барысында қоғамдық жұ­мыс­тарға белсене араласып, қара­пайым халықтың алғысына бөленген депутаттар Парламент Сенаты мен Мәжілісінің, министр­ліктердің, сондай-ақ облыс әкімінің және облыс мәслихаты төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғысхаттары табыс­талды. Еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан депутаттарға арнайы марапат – «Құрметті депутат» атағы берілді.

 

Семей