Алматы 28 Қараша, 2024

Алматыда жер сілкінді

115 рет
көрсетілді

ТЖМ баспасөз қызметі түнде жер сілкінісі болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісі 28 қарашада сағат 01:31-де тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 318 шақырым жерде орналасқан. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ», деп жазылған хабарламада.

Дүмпулер Алматыда 2 балл болып сезілген.