Корея Республикасының астанасы Сеулде 16 см-ден астам қар жауды. Бұл туралы Кореяның метеорологиялық басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қар сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де жауа бастаған.
Сеулде 16,5 сантиметр қар жауып, 1972 жылғы 12,4 сантиметр болған бұрынғы рекордты жаңартты.