• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 10:15

Ыстанбұлда 3,6 миллион жалған еуро тәркіленді

10 рет
көрсетілді

Түркия полициясы Ыстанбұлда ауқымды шара өткізіп, нәтижесінде 3,6 миллион жалған еуро тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Бұл арнайы операция жалған ақша жасау және сатумен айналысатын қылмыстық топтың жолын кесуге бағытталған.

Түрік құқық қорғау органдары жалған еуродан бөлек, бірнеше ірі банктердің атына басылған контрафактілік чектерді, сондай-ақ жалған ақша жасау үшін пайдаланылған баспа бланкілерін де тәркілеген.

«Күш құрылымдарының жедел іс-шаралары барысында бірнеше күдікті ұсталды. Қылмыстық топ тек Түркияда ғана емес, басқа елдерде де әрекет еткен», делінген хабарламада. 

Жалған ақша жасаушылар заңсыз қаржылық операциялармен айналысатын ірі халықаралық қылмыстық желілермен байланысы болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі уақытта Түркияның тергеу органдары жалған купюраларды тарату схемасына қатысқандарды анықтау мақсатында тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.