Профессор Сейіт Қасқабасовтың жұбайы Тамара Ғабдиқызының дүниеден озуына байланысты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті марқұмның жары мен балаларына көңіл айтады.
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейіт Асқарұлы Қасқабасовқа жұбайы Тамара Ғабдиқызының қайтыс болуына, Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы ХорланСейітқызына аяулы анасының дүниеден озуына байланысты ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның топырағы торқа, иманы саламат болсын», делінген хабарламада.