University Medical Center-дегі отандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, жоба шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеп жатыр. Болашақта бүйректі сақтау да жоспарланған. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.
Ведомствоның мәліметінше, организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы - Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.
«Біздің құрылғымыздың американдықтан басты айырмашылығы - бұл оқшауланған ағзаға ұзақ қолдауды білдіреді және біздің жүйеде ағзадан тыс тіршілік ету кезеңінде ағзаны емдеу көзделген және біз бұл ағзаны ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз, бұл жүректі нәрлендіреді және осылайша реципиенттің ағзаға ие болуын және трансплантаттаудан бас тарту немесе дисфункция қаупінің болмауын және ең бастысы қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді», деді «University Medical Center» корпоративтік қорының «кардиохирургия» клиникалық академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.