Атырау облысында көктемдегі су тасқыны кезінде құм жағалауларын салуға көмектесіп, бүкіл Қазақстанға танымал болған Пшөн есімді итті атып өлтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы иттің иесі Зәмзәгүл Жаңабаева әлеуметтік желіде хабарлап, итінің жарақат алған жерін көрсеткен.
«Біздің ит ауладан шығып кеткен еді. Жақын маңда ит аулау қызметі жүрген, олар оны көріп, неге екені белгісіз, атып тастапты. Танымай қалған шығар», деді иттің иесі.
Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында 2024 жылдың сәуір айында Пшөн есімді ит су тасқыны кезінде арқасына құм салынған дорбаларды тасып, халыққа көмектескен еді.