Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта жеңді, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 54 келіде шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан тайпейлік қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Ол Лай Ян-Линді бірінші раундта үш рет нокдаунға жіберді.
Енді Махмұд Сабырхан 6 желтоқсан күні ширек финалда Шри-Ланка өкілімен жұдырықтасады.