Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының төртінші күнінде ел намысын қорғаған Аида Әбікеева өзбек боксшысынан басым түсті, деп жазады Egemen.kz.
63 келіде шаршы алаңға шыққан бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Аида Әбікеева Дильфуза Бекованы 4:1 есебімен жеңді.
Енді отандасымыз 7 желтоқсан күні жартылай финалда Таиланд өкілімен жұдырықтасады.
Сондай-ақ бүгін 66 келіде өнер көрсетуі тиіс болған ел боксшысы Милана Сафронова бірден жартылай финалға жолдама алды. Осы салмақта Таиланд боксшысының жекпе-жектен бас тартуына орай Милана Сафронова 7 желтоқсан күні Өзбекстан-Таиланд жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді.
Бұған дейін 54 келіде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан тайпейлік қарсыласын 1 раундта үш рет нокдаунға жіберіп, айқын жеңіске жеткенін хабарлаған едік.