• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Ауа райы 03 Желтоқсан, 2024

Алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады

63 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» синоптиктері 3-5 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктер қалыптасады, бұл ауа райының тұрақсыздығына себеп болады.

«Елдің солтүстік, орталық өңірлерінде аздаған қар, оңтүстік, шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түседі», делінген хабарламада.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайды.