• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2010

БЕЛГІЛЕНГЕН ЕЛДІК МАҚСАТТАР

610 рет
көрсетілді

Жасампаздық жолдауы Оларға қол жеткізу жолында “Нұр Отан” партиясының мүшелеріне үлкен үміт, мәртебелі міндет жүктеліп отыр Елбасымыз “Жаңа онжыл­дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жол­дау­ында “Қазақстан-2030” Стра­те­гиялық бағдарламасына не­гізделген бірінші онжылдықта атқарылған жұмыстарды тұжы­рымдап, алдағы онжылдық­тағы міндеттерді айқындап берді. Бірінші онжылдықта алға қой­ған мақсаттарды орындау оңайға түскен жоқ. Әлемдік қаржы дағ­дарысы өз әсерін тигізді. Бірақ Ел­басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке тапсырма беріп, жедел қолға алынған іс-шаралардың ар­қа­сында дағдарыстың салдары бізге ауыр соққан жоқ. Эконо­ми­ка­сы қарқындап алға басқан мем­лекеттер қатарында дамудың жо­ғары деңгейіне көтерілдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асыр­ғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды, дамудың даңғыл жолына түстік. Бұған үстіміздегі жылдың алғашқы 5 айында өсім көрсеткішінің 8,3 пайызды құра­ға­ны айқын дәлел бола алады. Өз табыстарымен дүние жүзіне оң қырынан танылып отырған Қа­зақстанның әлеуеті артып, эконо­микасы көтеріліп, дамыған мем­ле­кет басшыларының, белгілі сая­сат­кер­лердің, қоғамдық ұйымдар мен діни конфессия жетекшілерінің лайықты бағасын алып, жоғары халықаралық беделге ие болып отырмыз. Сондықтан Қазақстанға ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Елбасы алдағы онжылдық осын­дай тарихи оқиғалармен бас­талғанын, осы кезеңде экономи­ка­ның өрлеуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу керек екенін атап көрсетті. Біз 1997 жылы қабылданған “Қазақстан-2030” Стратегиялық бағ­дарламасының алғашқы он­жылдығын өзіміз жоспарлағандай етіп аяқтадық. Атап айтқанда, ІЖӨ көлемі 2008 жылы 2000 жыл­мен салыстырғанда, екі есеге өссе, мемлекеттің әлеуметтік міндет­те­ме­лерін де артығымен орындадық. Орташа айлық жалақы 5 есе, ал ор­таша зейнетақы 3 есе өсті. Ор­таша өмір сүру ұзақтығы 65 жас­тан 68 жасқа ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жа­рым есеге артты. Он жылда 652 мек­теп және 463 денсаулық сақтау нысаны салынды. Әлемдік дең­гей­дегі Ана мен бала ұлттық меди­ци­на­лық орталығы және нейрохи­рур­гия орталығы пайдалануға бе­рілді. Елбасы осы деректерді ай­тып, мысал келтірді. Мұның бәрі – әлемдік қаржы дағдарысының соққысына төтеп бере отырып, іске асырылған ауқымды жұмыс­тар. Бұдан жас мемлекетіміздің қаншалықты дами түскенін анық байқауға болады. Халықтың қол­дауына ие бол­ған және нақ­ты нәтижелер бер­­ген жобалар­дың бірі – “Жол кар­тасы”. Өткен бір жылдың ішінде “Жол картасы-2009” бағдарламасын іске асыру ба­рысында 862 жоба іске асы­рылып, 737 км. электр желісі, 284 км. су­мен жабдықтау желілері, 284 км. жылу трассасы, автожолдар, мә­де­ниет және спорт нысандары жөн­делді. Біз рецессияға жол бермедік. Елбасы алдағы бес жылда қуат­ты газ химиясы кешені, минерал­дық тыңайтқыштар зауыттары, Балқаш ЖЭС, Мойнақ ГЭС-і, Екі­бастұз-2 ГРЭС-інің жаңа бло­гы, т.б. көптеген кәсіпорындардың пайдалануға берілетінін мәлім етті. Бұлар елдің экономикалық әлеуе­тін арттырып, халықтың жағдайын анағұрлым жақсартуға мүмкіндік жасайтын нақты жобалар болып табылады. 2014 жылға қарай үш мұнай өңдеу зауытын реконструкциялап, мұнай өнімдерінің түр-түрімен өзімізді өзіміз қамтамасыз ететін боламыз. Индустриялық жобалар тек атқарушы биліктің ғана емес, бүкіл халықтың бақылауында бо­луы керек. Бұл – өте маңызды мә­селе. Тек осындай жағдайда ғана біз 50 елдің қатарына ене аламыз. “Нұр Отан” ХДП үшін 2020 бағдарламасын орындау – бас­ты міндет. Ешкім бұл жұмыс­тан тыс қалмауы керек. Тек сонда ғана Қазақстанның жаңа эконо­ми­ка­лық өрлеуін қамтамасыз ете аламыз. Жолдауда министрлер мен әр деңгейдегі әкімдер халықпен бір­лесе жұмыс істеу арқылы ғана бар­лық ағымдағы мәселелерді шешуге қол жеткізе алатыны анық ай­тылды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін Премьер-Министр бас­таған орталық штаб құрылды. Облыстарда әкімдер басқаратын орталықтар ірге көтерді. Жолдауда белгіленген 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін қазір барлық атқару­шы билік органдарының бұтақ­та­ры жедел жұмыс істеп жатыр. Нақты бағдарламалар дайындалды. “Қазақстан индустриялық дер­жа­ва болады. Мен оған әбден се­нім­дімін!” – деп нықтады сөзін Ел­басы. Жаңа экономиканың не­гіз­гі салаларының бірі агроөнер­кәсіп кешенін дамыту болып та­былады. Мемлекет басшысы осы саланы дамытудың негізгі үш ба­ғытта жүргізілуі керек екенін ашып берді. Бірінші – еңбек өнімділігін арттыру. 2014 жылға қарай ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігін екі есеге арттыру көзделіп отыр. Ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар, жаңа көзқарас, әлемдік тәжірибе мәселелерді оң шешуге жәрдем­де­се алады. Екінші – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай елімізді 80 пайыз отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Үшінші – экспортты ұлғайту – бі­рінші кезектегі мәселе. Бұл тұр­ғыда бәсекеге қабілетті өнімдер шы­ғаруға баса мән берілуде. Бірін­ші кезекте отандық өніммен өз еліміздің сұранысын қамту, соны­мен қатар, сапалы өнімдерімізді шетелге шығару арқылы сауда-эко­номикалық айналымды жақ­сарту мақсат. Осы орайда салынып жатқан “Жетіген – Қорғас”, “Өзен –Түр­кіменстан мемлекеттік шекарасы” темір жол желілерінің маңызы зор. Бұл Қытайға, Парсы шығанағына жол ашады. Оған қоса “Батыс Қы­тай – Батыс Еуропа” автожолы­ның экспортты дамытуда маңызы өте зор. Елбасы “Болашақ эко­но­ми­касы” секторына жеке тоқтал­ды. Нәтижелі, тиімді ұлттық инно­вация оның негізі болып табы­лады. Қазірдің өзінде оған әзірлік жұмыстары басталып кетті. Президент экономиканың қоз­ғаушы күші кәсіпкерлер екенін бұл жолы да ерекше атап өтті. “Біз келешекте тәуекелге бара алатын, жаңа рыноктарды игеруге қабілет­ті, инновацияларды ендіруге бейім қуатты кәсіпкерлер тобын көргіміз келеді”, – деді. Еліміздің барлық өңірлерінде шағын және орта бизнесті дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу өзектілігін жоймайды. Алдағы онжылдықта да бұл мәселе басты мақсаттардың бірі болып қала бермек. Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жө­нінде бірыңғай бюджеттік бағ­дарлама енгізу жөнінде тапсырма берілді. Елбасы оны “Бизнестің жол картасы – 2020” деп атауды ұсынды. “Бизнестің жол картасы – 2020” шикізаттық емес жоба­лар­ды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер береді. Үкімет әкімдермен бірлесіп, үш жылдық бюджет аясында бө­лін­ген қаржылардың лимитін әзір­леуге тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі. Бұған әкімдер толық жауапты болады. Әлеуметтік кә­сіп­керлік корпорациялар жергілік­ті атқарушы органдарға берілетін болды. Олар өңірлерде бизнесті дамыту жөніндегі корпорациялар болып қайта құрылып, жаңаша жұмыс істейтін болады. Елбасы туған Отанымыздың тыныштығы, халықтың бірлігі туралы әр сөйлеген сөзінде айтып келеді. Бұл жолы да ішкі саяси тұ­рақтылықтың, ұлттық қауіпсіз­дік­тің маңыздылығын сөз ете келіп, 2020 жылға дейінгі негізгі мақ­саттарға тоқталды. Біздің қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту әрбір тұрғынның азаматтық борышы болып табылады. Ал сыртқы саясатта Қазақстан ұлт­тық мүдделерді қамтамасыз ету­ге, елдің халықаралық беделін арттыруға басымдық беріп отыр. Қазақ елі аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға атсалысып, прагматикалық және тең­де­с­ті­ріл­ген сыртқы саясат жүргізетін бола­ды. Қазақстан халықаралық қа­ты­нас­тарда, әлемдік сауда-қаржы жүйесінде ортақ жаһандық шешім­дер қабылдауға ниеттенуде. Сон­дай-ақ барлық ұжымдық қауіп­сіз­дікті қолдауға белсенді жәрдем­десіп келеді. Бүгінгі таңда еліміздің мәр­те­бесі асқақтап отыр. Оған Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі басты негіз болуда. Елбасы әлем­нің жетекші елдерінің көшбас­шы­лары мен халықаралық ұйымдары­ның басшылары Қазақстанды өзі­нің досы деп санайтынын айтып өтті. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­ағалық етудегі басты ұраны: Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік. Бұл ұрандар аталған ұйымға мүше ел­дер тарапынан толық қолдау тап­ты. Көптеген шетелдік сарапшы­лар да жоғары бағасын беруде. Ел­басының бастамасымен үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның сам­ми­ті өтетіні де ел үшін, халқымыз үшін үлкен абырой! Белгіленген елдік мақсат­та­ры­мызға қол жеткізу жолында “Нұр Отан” партиясының мүшелеріне үлкен үміт, мәртебелі міндет жүк­те­ліп отыр. Ел Президентінің Жолдауды қорытындылар тұсында: “Біз бірлесіп Қазақстанды табысқа жетуші жасай алдық және бірлесіп өркендеуші жасай аламыз!” деген сөзі халқымызды рухтандырды, келешекке деген сенімін арт­тырды. Елбасының сөзімен айтқанда, түпкі мақсатымыз – тәуелсіз­ді­гімізді баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Біз бұл мақсатқа асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қол жеткізе аламыз. Еліміздің барлық өңір­ле­рінен Елбасының атына Жолдауды қолдап мыңдаған хаттар мен же­дел­хаттар түсті. Депутаттарға да ха­барласып, өз пікірлерін айтып, жүрекке ұялаған қуаныштарын жеткізген сайлаушылар да өте көп. Елбасымыздың халыққа Жол­дауын дүниежүзілік озық тәжі­ри­белерге, ғылымға негізделген, жан-жақты сараптамалардан өткен тарихи құжат деп есептеймін. Оның орындалатынына кәміл сенемін және оған Қазақстанның әрбір азаматы өз үлесін қосады деп білемін. Өстемір БЕКТӨРЕЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.