Таиланда өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күні жеңіспен басталды, деп жазады Egemen.kz.
57 келіде ширек финалда жұдырықтасқан Оразбек Асылқұлов жергілікті боксшыны жеңді. Төрешілер қазақ боксшысының пайдасына 5: 0 есебін тіркеді.
Енді отандасымыз финал жолдамасын Моңғолия өкілі Лунда Бантумурмен сарапқа салады. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша бұл жекпе-жек 8 желтоқсанға жоспарланып отыр.