Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның иелігіндегі Ыстықкөлдегі пансионатты мемлекет меншігіне алу қажеттігі туралы мәлімдеген Қырғызстанның кейбір саясаткерлерінің айтқан сөздеріне түсініктеме берді.
Мұндай саяси мәлімдемеге ерік беруге болмайды. Күте тұрамыз, уақыт өтеді, бәрі тынышталады және мен бәрі баз қалпына келеді деп ойлаймын. Мен не Қазақстан, не Қырғызстан екі елдің арасындағы мұндай қарым-қатынасқа жол бермейді деп ойлаймын, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.