Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндияның Ұлттық мерекесіне орай Президент Александр Стуббқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент Финляндияның тұрақты әрі өркендеген қоғам құру жолында елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-фин өзара тиімді серіктестігінің одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Финляндия халқына бақ-береке тіледі.