Бүгін, 6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Доха форумының панельдік сессиясына қатысады. Сондай-ақ Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және бірқатар компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», деп жазылған хабарламада.