• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Тағзым 07 Желтоқсан, 2024

Қаламгер шығармашылығы кеңінен насихатталды

84 рет
көрсетілді

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жазушымен бір күн» жобасы аясында өмірден өткен жергілікті қаламгерлердің шығармаларын оқырмандар арасында кеңінен насихаттауға басымдық беріп отыр.

Пешенеге жа­зыл­ған ғұ­мы­рында ту­ған жері Тұрар Рысқұлов ауданынан іргесін алыстатпаған қаламгер Кәріпжан Нүсіптің шы­ғармашылығы да кітапхана қызметкер­лерінің наза­рынан тыс қалған жоқ. Тірісінде «Сырсандық», «Өмір өрнектері» секілді жыр-жинақтарымен оқыр­­ман жүрегіне жол тап­қан Кәрекеңнің «Бала­ларға байғазы» атты жи­нағы сан түрлі жанрға толы. Бұл кітаптағы жа­­ңылт­­паштар, анаграм­­малар, жұм­бақтар және өзге туын­дыларды жер­гілікті білім бөлімі­нің басшылары мектептегі балалар­дың сана­сына сіңіруге ықпал етті. Ал «Өнер деген өлке бар» атты про­залық жинағында туған жерден түлеп ұш­қан таланттар туралы кеңінен толғанған.

Алатау баурайындағы Алматыда жоғары бі­лім алса да, 44 жыл бойы аудан­­дық «Құлан таңы» газе­тінде үзіліссіз ең­бек еткен қаламгер шығарма­шы­­лығына арналған «Өнер шыңын ешбір жан құлата алмас» атты по­эзия кешіне ақынның жерлестері, шәкірттері, қаламгерлер, бауырлары, мектеп оқушылары арнайы қатысты.

Іс-шара барысында сөз алған Кәріпжан Нү­сіптің ұл-қыздары Нұр­­­дәулет Нүсіпов, Гүл­на­зым Атабаева, Ай­назым На­мазбаева және қарындасы Нұрша Нү­сіпова, жергілікті теле­арнаның ардагері, ұзақ жылдар бойы бас режиссер қызметін ат­қарған ақын­ның жие­ні Қаржаубай Сыдық­наза­ров, композитор Дүйсенәлі Бықыбаев қаламгердің өнегеге толы өмірі туралы ес­телік айтты. Алма­тыдан және өзге өңір­­­лер­ден келген қа­лам­­гер­лер мен Кәрекеңнің шә­кірт­те­рі де өз естелік­терімен бө­лісті.

Әдеби кешке қалам­гердің туған жерінен кел­ген Тұрар Рысқұлов аудан­­дық мәдениет үйі­нің қыз­меткерлері де атсалысты. Өрелі өлең, әдемі әндермен әдіп­телген кеш барысын­да ақын­ның сөзіне жаз­ыл­ған «Біз екеуміз», «Се­ріктесіп жүрейік» се­кілді шығармалар шыр­қал­ды. Ал Әли­хан Бө­кей­­ханов атында­ғы гим­на­зияның оқушы­лары ақын өлеңдерін жатқа оқып, көпшіліктің ыстық ықы­ласына бөленді.

 

Жамбыл облысы