• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Желтоқсан, 2024

Рыбакинаның табысы – 7,9 миллион доллар

53 рет
көрсетілді

«Sportico» порталы 2024 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан теннисшілердің тізімін жариялады. Бақуат­ты­лар көшін әлемнің үшінші ракеткасы Кори Гауфф бастап тұр.

20 жастағы АҚШ-тың өкілі биыл Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, WTA-ның бірнеше турнирінде топ жарды. Сонымен қатар жұптық сайыстарда да сәтті ойнады. Осы көрсеткіштерінің нәтижесінде Гауфф биыл 30,4 млн АҚШ доллары (9,4 млн доллар түрлі тур­нирдегі сыйақы + 21 млн доллар демеушілер бөлген қаражат) көлемінде олжаға кенелді. Екінші орында – Ига Швентек. Екі жылдан аса уақыт ешкімге дес бермей, әлемдік рейтингте жеке-дара көш бастаған 23 жастағы Поль­шаның өкілі би­ылғы маусымды екінші орын­мен қо­ры­­тын­дылады. Жазда ол Ро­лан Гар­ростың же­ңімпазы атанды. Басқа да ірі додаларда тәуір нәтиже көрсетті. Швентектің табысы – 21,4 млн доллар. (8,4 млн доллар сыйақы + 13 млн доллар демеушілер). Үздік үштікті Чжэн Циньвэнь тү­йін­деп тұр. WTA тізімінде бе­сінші сатыға жай­­ғасқан 22 жас­­тағы қытай қызының табысы осы мау­сымда 20,6 мл­н долларға кө­бейді (5,6 млн доллар сыйақы + 15 млн доллар демеу­ші­лер). Жыл басында Чжэн Мельбурндегі жарыстың финалында ойнады. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында беларусьтік Арина Соболенко – 17,7 млн доллар (9,7 млн доллар сыйақы + 8 млн доллар демеушілер) мен жапониялық Нао­ми Осака – 15,9 млн доллар (870 мың доллар сый­ақы + 15 млн доллар демеушілер) сынды бұрым­дылар бар.

Елена Рыбакина бақуатты­лардың рейтингінде 14-орынға тұ­рақтады. 2024 жылы еліміздің бірінші, әлемнің алтыншы ракет­касының есепшотына 7,9 мл­н доллар аударылды. Оның 3,9 млн доллар жарыстарға қатысқаны үшін берілген сыйақы болса, 4 млн доллар – демеушілерден түскен қа­ражат.