• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 07 Желтоқсан, 2024

Дәнді дақыл жинаудан рекорд жасалды

86 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы – экономиканың маңызды салаларының бірі. Бүгінде халықтың 37%-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. Ал осы сектордың даму деңгейі ел әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Биыл жемісті жұмыстар оң нәтижесін берді. Еліміздің диқандары дәнді дақыл жинаудан рекорд жасады.

Егін жинау науқаны

Көктемгі егіс пен күзгі жиын-терін жұмыстарын табыс­ты жүргізуге қажетті барлық жағ­дай жасалды. Президент тап­сыр­­маларын орындау аясын­да агроөнеркәсіп кешені қаржы­ландырылды.

«Primeminister.kz» сайтының мәліметінше, қаржыландыру көлемі алғаш рет рекордтық 580 млрд теңгені құрады. Бұл қаражат егіншілерге тікелей несие беру, пайыздық мөлшерлемені төмендету, форвардтық сатып алуға бағытталды. 2025 жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қолайлы күзгі ауа райы егін жинау кезіндегі жауын-шашынға қарамастан, науқанды айтарлықтай шығынсыз өткізуге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, орташа өнім­­ді­лік гектарына 16,1 центнер, 26,7 млн тонна астық бастырыл­­ды. 2023 жылы орташа өнімділік 10 ц/га құраған болатын. Соны­­мен қатар 3,2 млн тонна майлы да­­қыл, 2,9 млн тонна картоп, 3,9 млн тонна көкөніс, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Алдағы уақытта ауыл шаруашылы­ғы дақылдарын әртараптан­дыру жұмысы жалғасын табады. Пре­зидент тапсырмалары аясында 2024–2028 жылдар аралығын­да ауыл шаруашылығының жал­пы өнім көлемін екі есеге арт­тыру міндеті қойылды.

 

Астық қабылдау

Облыс әкімдіктерінің дерегі­не сүйенсек, республикадағы астық сақтау қоймаларының жалпы сыйымдылығы 30 млн тоннаны құрайды. Атап айтқанда, қолданыстағы лицензияланған кәсіпорындарда 12,7 млн тонна, ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде 17,4 млн тонна астық сақталады. Көрсетіл­ген қуаттылық көлемі өткен жылдардан қалған қорларды ескергенде де, жиналған өнімді сақтауға жеткілікті.

Астық қабылдау кәсіпорын­дарына шамамен 7,9 млн тонна астық тапсырылды, оның 5,7 млн тоннасы – бидай. Қалған астық егіншілер қоймаларын­да сақтаулы. Қазір лицензияланған элеваторлар жүктемесі 44%-ды құрайды. Жаңа өнімді қабылдау­ға элеваторларды босату мақсатын­да астықты тасымалдау әрі өт­кізу жұмыстары жалғасын тап­ты. Тамыз айынан қарашаға дейін 3,5 млн тонна астық тасымалданды.

 

Егіс алқаптарын әртараптандыру

Еліміз ауыл шаруашылығының үлкен әлеуетіне ие. Бұл, әрине, еліміздің әртараптандырылған әрі инклюзивті экономикалық өсуіне ықпал етеді. Мысалы, биылғы жалпы егіс көлемі 23,3 млн гектарды құрады, оның 21,1 млн гектары – жаздық егіс. Өткен жылмен салыстырғанда бидай алқабы 560,9 мың гектарға қысқарып, 13,1 млн гектарды құрады. Майлы дақылдар көлемі 135,5 мың гектарға ұлғайып, 2,9 млн гектарға жетті.

Нәтижесінде, қысқартылған алқап­тарда әлеуметтік маңызы бар әрі жоғары рентабельді дақылдардың егіс алқаптары арта түсті. Сондай-ақ өңірлерде берік жемшөп базасын құру мақсатында жемдік дақылдардың егіс алқаптарын ұлғай­ту жұмыс­тары жүргізілді. Ауыл шаруа­­шылығы дақылдарын әртарап­тандыру жұмыстары алдағы уақыт­та да жалғасады.

 

Өнімдерді өткізу

Мемлекетіміз жыл сайын 8-9 млн тонна астық экспорттай­ды, оның ішінде 6,5–7,5 млн тонна­сы – бидай. Экспорт география­сы 40-тан астам елді қамтиды. Дәс­түрлі нарықтар – Орталық Азия ел­дері, Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Италия, Тунис. Биылғы қара­ша айының соңына дейін 6,3 млн тонна астық экспортталды. Жаңа өнімді экспорттау көлемі 2,37 млн тонна, бұл – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52%-ға артық.

Өзбекстанға жеткізілімдер көлемі 42%-ға өсіп, 944 мың тоннаны құрады, өткен жылы бұл көрсеткіш 665 мың тонна болған еді. Тәжікстанға жеткізілім 2023 жылғы 254 мың тоннадан 49%-ға артып, биыл 377 мың тоннаға дейін жетті. Қытайға экспорт көлемі 17%-ға артып, 355 мың тоннаға жетті (өткен жылы 304 мың тонна), Ауғанстанға жеткізілімдер көлемі 71%-ға ұлғайып, 115 мың тоннаны құрады (өткен жылы 67 мың тонна болған). Иранға экспорт көлемі 30 есеге дейін – 10 мың тоннадан 299 мың тоннаға артты.

Биыл экспорттық әлеует 12 млн тоннаға жетеді деген болжам бар. Негізгі нарықтар – Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан, Италия және басқа елдер. Сон­дай-ақ Әзербайжан, Ауғанстан (Түрікменстан арқылы транзитпен), Иран, Ирак, Солтүстік Африка елдері мен Еуропалық Одаққа Қара және Балтық теңіздері арқылы жеткізілетін астықты 2 млн тоннаға дейінгі көлемде тасымалдау­ды ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатыр.

Сонымен қатар нарыққа реттеуші ықпал тигізу мақсатында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ егіншілерден астық сатып алу шараларын қабыл­дайды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау аясында жаңа өнімді тікелей сатып алу жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде Үкімет резервінен 10 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу арқылы 150 мың тонна өнімді нарықтық бағамен сатып алу ұсынылып отыр. Астықтың алғашқы сатып алуы шағын шаруа қожалықтарынан жүзеге асырылады, бұл өнімнің әділ бағамен сатылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ артық астықты сатып алу тетігін енгізу арқылы ішкі нарықтағы баға жағдайына делдалдар ықпалын барынша азайту көзделіп отыр.

 

Тыңайтқыштарды субсидиялау

Тыңайтқыштар нарығында ең көп таралғандар – аммиак селитрасы, аммофос, карбамид, аммоний сульфаты, сульфоаммофос, NPK (азот, фосфор, калий). Сонымен қатар аммоний нит­раты мен аммофос жалпы тұтыну­дың 60%-дан астамын құрайды. Бізде тыңайтқыштардың үш түрі бо­йын­ша толық өндірістік цикл құрылған: аммиак селитрасы «ҚазАзот» АҚ-да, аммофос – «Қазфосфат» ЖШС-да, аммоний сульфаты – «ҚазАзот» АҚ-да және «Qarmet» ЖШС-да өндіріледі. Тыңайтқыштарға ғылыми қажет­тілік физикалық салмақта 3,2 млн тон­наны құ­райды, ал отан­дық өндіру­шілер қуаты осы қажет­тілік­тің 56%-ын, шамамен 1,8 млн тон­на­ны құрайды (оның ішінде «ҚазАзот» АҚ 420 мың тоннаны, ал «Қазфосфат» ЖШС 1 млн тоннаны өндіреді).

Қазір субсидияларды 60%-ға дейін ұлғайта отырып, аванстық өтінім­дерді қарауға басым­дық­пен, отандық тыңайт­қыш­тар­ды аванс­тық субсидиялау тетігі енгізіл­­ді. Сондай-ақ 1 гектар егіс­тік ал­қабына тыңайтқыш енгізу нормасы да ұлғай­тылды. Бұл топырақ­ты негізгі қорек­тік заттарға мол қылады. Биыл­ғы 1 желто­қ­сандағы жағ­дай­ға сәйкес шаруалар 1,3 млн тонна тыңайт­қыш енгізді, былтыр­мен салыс­тырғанда екі есе көп. Шаруа­лардың субсидияларға деген қажет­ті­ліктерін толық қанағат­тан­дыру мақса­тында тыңайтқыш­тарды субсидиялауға қо­сым­ша қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өнім түрлерін кеңейтіп, минералды тыңайтқыш­тар өндірісі көлемін ұлғайту керек. Тыңайтқыш өндірушілерді жыл­жымалы құраммен уақ­тылы қамта­ма­сыз етуге назар аудары­ла­ды. Биыл саладағы несие құ­нын төмендету тәсілдері қайта қаралды. Алғаш рет алты тара­ту ар­насын пайдалана отырып, дала жұмыс­­тарын қаржылан­дыруға бәсеке­лестік жағдай жасалды. Ал Аграрлық несие корпора­ция­сы­ның тарапынан қаржы­ландыру көлемі 82,3 млрд теңгені құрады.

Кепілмен қамтамасыз етудің жеткі­лік­сіздігі мәселесін шешуге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры несие сомасы­ның 85%-ын жабатын қарыздарға кепілдік беру тетігін енгізді. Сондай-ақ айналым қара­жа­тын әлеуметтік-кәсіпкерлік кор­порация­лар арқылы толықтыру мақса­тын­да өңдеу кәсіпорындарын жеңіл­дік­пен қаржыландыру бағдарламасы да әзір­ленді. Ол егін мен шикізатты өткізуді қамта­масыз етуге, сондай-ақ отандық қайта өңдеу зауыт­тарының жүктемесін ұлғайтуға бағытталған.

 

Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту

Биыл 7 жыл мерзімге 5%-дық мөл­­шер­ле­мемен 120 миллиард тең­­геге ауқымды жеңіл­дікті лизинг бағдарламасы іске қосыл­­ды.

1 желтоқсанда шаруалар 212,9 млрд теңгеге 9 887 техниканы лизинг­ке алды. Келесі жылы жеңілдетіл­ген лизинг бағдар­ла­масына 200 млрд теңгеге дейін, ал Мем­ле­кет басшысының тапсырмасына сәйкес бағдарлама бюджетін 450 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңартуда оң өсу динамикасын қамтамасыз етеді.

Бүгінде бізде 149,9 мың трактор, 38,7 мың комбайн, 5 мың егіс кешені, 76,4 мың тұқым сепкіш, 219 мыңға жуық топырақ өңдейтін және мамандандырылған техника бар. Кейінгі 8 жылда ауыл шаруа­шылығы техникасын жаңар­ту деңгейі оң динамика көрсетті: 2017 жылғы 1,9%-дан 2023 жылы 4,5%-ға дейін (екі есе), технологиялық жаңарту нормасы 8-10%.

Биыл ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялаудың жаңа тетігі енгізілді:

Қазақстанда өндірісі жолға қойылған техниканың импорттық аналогтерін субсидиялау мүм­кіндігі алынып тасталды; Отандық өндірістегі ауыл шаруа­шылығы техникасы үшін жоғары норматив субсидияланады – 30%; Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға несиелер/лизинг бойын­ша сыйақы мөлшерлемелерін субсидия­лау­дың сараланған тетігі қолданылды: отан­дық өндіріс техникасы үшін сыйақы мөл­шерлемесі 6%-ға дейін, импорттық техника үшін 15%-ға дейін субсидияланады; Қазақстанда өндірісі жолға қойыл­маған мамандандырылған техника үшін (мысалы, мақта, картоп жинау үшін) субсидия нормативі 25%–ға, ал қант қызылшасын жинау техникасы үшін 50%-ға дейін құрайды; Жаңа тәсілдер қосымша бюджет қара­жатын тартпай-ақ отандық ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау көлемін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.