Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚазАвтоЖол» жүк көлігі мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.
«2024 жылғы 8 желтоқсанда сағат 3.00-ден бастап Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың «Алма-Тау туристік орталығына кіру» 0-15 км (Тұздыбастау ауылының учаскесі - Бесқайнар ауылы) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды», делінген хабарламада.
Жол қозғалысы жоспарлы түрде 2024 жылғы 9 желтоқсанда сағат 7.00-де ашылатыны айтылды.