Шерзат Болаттың ағасының өлім алдындағы жазған соңғы хабарламалары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Талғар қаласының маңынан 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны белгілі болған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
«Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы жағдайда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды. Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, інісінің жанына жерлеуді сұрады», делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Құрметті азаматтар, тек ресми дереккөздерге сенуіңізді сұраймыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз», деп қосты полиция.