• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2024

Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады

63 рет
көрсетілді

Алматыда қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізушіге шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жанжалдың неден шыққаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, ер адам автобус жүргізушісіне шабуыл жасап, салонның қоршаулы бөлімін сындырған. Салдарынан жолаушылар шығуға мәжбүр болған.

Алматы қаласы Алатау ауданының полиция департаменті болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар, Алматы полициясы «Заң және тәртіп» қағидатын еске салып, азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады», деп жауап берді Алматы ПД.