• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2024

Жаңасемейдің ілкімді жобалары

74 рет
көрсетілді

Облыста жаңадан құрылған Жаңасемей ауданы алға қойған жоспарларды ойдағыдай жүзеге асырып келеді. Алдағы уақытта өңірдің инфрақұрылымын жақ­сар­ту бағытында ілкімді жоба­лар жүзеге аспақ. Бұл туралы Жаңа­семей ауданының тұрғын­да­рымен кез­дескен Абай облы­сы­ның әкімі Нұрлан Ұранхаев мәлім етті.

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңір экономикасында оң өзгеріс байқалады. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 55 442-ге дейін өсті, оның 734-і Жаңасемей ауданында тіркелген. Аудан аграрлық салада жоға­ры әлеуетке ие. 10 айда жалпы өнім көлемі 18,5 млрд теңгені құрады, ал нақты көлем индексі 101,6%-ға жетті. Ауыл шаруа­­шы­лығы өнімдерін өндіруде 13 мың тонна ет, 7 мың тонна сүт, 2,7 млн жұмыртқа өндіріліп, жоғары деңгейге жетіп отыр.

2024 жылы ауданда инфрақұрылымды жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жалпы ауданы 5 916 ш. м. 88 үй сатып алу жоспарланды. Ақбұ­лақ және Половинки ауылында су құбы­ры желілерінің құрылысын аяқтады. Алғабас пен Шаған ауылдарында осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көше жарығы төрт елді мекенде орнатылды. 6 ауылда жарықтандыру бойынша қажетті құжаттамалар дайындалып тиісті құзыретті басқармаға бюджеттік тапсырыс ұсынылады.

«Облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мен әл-ауқатын арттыру бойынша үнемі жұмыс жүргізіліп отыр. Міндет – өңір тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз орта құру. Бұл шаруада сіздердің де облыс өміріне белсенді қатысуларыңыз оның дамуы үшін маңызды. Өткен жылы ауқымды жұмыстар жүргізілді. Биыл біз инфрақұрылымды жақсартуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға бағыт­талған маңызды жобаларды іске асыру­ды жалғастырамыз», деді облыс бас­шысы.

Аудан құрамына кіретін Талица және Приречное ауылдарында су құбыры желі­лерін салу және реконструкциялау үшін жобалау-сметалық құжаттамасы әзір­леніп сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаларды іске асыру үшін тиісті басқармаға бюджеттік өтінім берілді.

Ауданда 18 мектеп жұмыс істейді, оның бесеуі күрделі жөндеуді қажет етеді. 2025–2027 жылдарға 11 мектепке кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары Білім басқармасымен бірлесіп әзірленді. Ауданда алғаш рет Озерки ауылында заманауи 70 орындық балабақша ашылды. 2025 жылдың І тоқсанында Приречный ауылында 60 орынға арналған балабақша ашылуы жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Алғабас ауылында спорт модулінің құрылысы іске асырылып жатыр. Бұқаралық спортты дамыту мақса­тында 3 ауылда дене шынықтыру-сауық­тыру кешендерінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

 

Абай облысы