• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Желтоқсан, 2024

Трансшекаралық бес хабты іске қосу өнеркәсіп өндірісін арттырады— Олжас Бектенов

69 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Премьер-министрге бүгінде аумақтары теміржол және автожолдары: «Қорғас торабы», «Каспий торабы», «Еуразия «трансшекаралық сауда орталығы», «Орталық Азия» ХӨКО және индустриялық сауда-логистикалық кешені арқылы қосылған 5 трансшекаралық хабты қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын баяндады.

Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Ақтау және Құрық порттарында контейнерлік хабтар мен Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары әуежайларында мультимодальды әуе хабтарын құру пысықталып жатыр.  Премьер-министр инвесторлар іздеу және хабтардың инвестициялық жағынан тартымдылығын арттыру жұмыстарын күшейтудің маңызды екенін баса айтты.

«Шығыс-Батыс, Солтүстік-Оңтүстік және Транскаспий халықаралық көлік бағыты дәліздері әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Олар Қытай, Парсы шығанағы елдері, Кавказ және Еуропа нарықтарына шығуды қамтамасыз етеді. Қазақстанда бес хабты толық іске қосу жүктерді өткізу уақытын қысқартуға, өнеркәсіп өндірісіНің көлемін арттыруға және салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инвестициялар мен технологияларды тартып, маңызды жобаларды іске асыруға, жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға жол ашылады», деді Олжас Бектенов.