UFC ресми түрде боксшы Шавкат Рахмонов сынға түсетін жартылай орта салмақтағы өкілдердің жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейтингтің жаңа нұсқасында Шавкат үшінші орыннан екінші орынға көтерілсе, Камару Усман үшінші орынға жайғасты.
Дивизионның тағы бір бұрынғы чемпионы Леон Эдвардс көш бастап тұр.
Рахмоновтың бұрынғы қарсыластары Джефф Нил оныншы орынға көтеріліп, Стивен Томпсонды 11-ші орынға ығыстырды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда Шавкат Рахмонов ирландиялық Ян Гарриді жеңіп, Белал Мұхаммедке тиесілі жартылай орта салмақтағы UFC титулына басты үміткер атанды.