• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:34

Алматы облысында көлік салығынан жалтарғандар анықталды

13 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Алматы облысының Әкімшілік полициясы мен Әділет департаментінің қызметкерлері және Жеке сот орындаушылары 10-желтоқсаннан бастап «Борышкер» бағдарламасы бойынша көлік құралдары салығына және айыппұлға берешегі бар жеке тұлғаларға облыс бойынша рейд жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

10-11 желтоқсан күнгі рейд кезінде 32 жеке тұлғаға 2 145 155 теңге көлік салығын төлетіп, көлік құралдары салығына 1,2 млн теңге берешегі бар 2 жеке тұлғаның жеңіл көліктері айып тұрағына қойылды. Сонымен қатар 1 жеке тұлғаға 624 165 мың теңге айыппұлын төлетіп, айыпұлға берешек сомасы 6 млн теңгеден астам 5 жеңіл көлік айып тұрағына қойылды, оның ішінде, БМВ көлігінің берешегі 5 млн теңге болса, Алфард көлігінің 466 мың теңгеден астам айыппұлға берешегі бар.

Жалпы алғанда Алматы облысы бойынша, 115 754 жеке тұлғалардың көлік құралдары салығына берешегі 1 865,5 млн теңге, өсімпұл 1 038,7 млн теңге.

Көлік салығы бойынша ең көп берешек 3 ауданда, Қарасай ауданында 31 389

 

жеке тұлғалардың берешек сомасы 861 378 мың теңге, Талғар ауданында 24 143  жеке тұлғалардың берешек сомасы 611 724  мың теңге, Іле ауданында 38 692 жеке тұлғалардың берешек сомасы 595 878 мың теңге.