Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің автопаркін белсенді жаңартуды жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
«Ел Президенті мен үкіметтің қолдауымен біз қазіргі заманғы автомобильдерді сатып алуды жалғастырып жатырмыз. Бұл біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі міндеттерді тиімді орындау қабілетімізді айтарлықтай арттырады», дейді сала министрі Шыңғыс Әрінов.
Алдағы күндері ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне 45 жаңа мамандандырылған автомобиль, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға арналған 20 машина келіп түспек.