Шымкентте қызғанышқа булыққан ер адам әйелін буындырып өлтірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Оtyrar.kz жазғандай, қайғылы жағдай жыл басында болған. Келіншегінен күдіктенген ер адам оны ұрып-соғып, соңында тұншықтырған. Олардың отау құрғанына бір жыл ғана болған екен.
- Қазіргі таңда ол азаматқа қатысты сот үкімі шыққан. 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Жасы 50-дегі азамат, - деді Шымкент прокуратурасының басқарма бастығы Жандос Досанов.