Taza.kz

# Шымкент

Шымкент • Бүгін, 08:10

Ірі ұшақтарға қызмет көрсетеді

Шымкент қаласының ха­лық­­аралық әуежайында «Scat MRO» авиациялық-техникалық орталығының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл Орталық Азиядағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын бірегей кешен болмақ.

Шымкент • Бүгін, 08:07

Мемлекеттік рәміздер асқақтаған күн

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласында Ту көтеру рәсімі өтті. Аталған іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбековпен бірге депутаттар, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жас­тар қатысты. «Ту тұғыры» алаңында өткен салтанатты жиында Мемлекеттік әнұран шырқалды. Жиналған көпшілікке мемлекеттік рәміздердің маңыз­дылығы мен мән-мазмұны кеңінен баяндалды. Студент жастар сап түзеп, рәміздерге деген құрметін білдірді. Патриоттық әндер шырқалып, мерекелік жиын думанды концертке ұласты.

Шымкент • 05 Маусым, 2026

«Шымкентцементтің» өніміне шетел де қызығады

«Шымкентцемент» серіктестігі 1958 жылы құрылған. Нысан мегаполистегі алғашқы кәсіпорындардың бірі саналады. Сондай-ақ шаһардағы ірі өндіріс орын­да­рының қатарына кіреді. Зауыт ішкі нарықты цемент өнімдерімен қам­тамасыз етіп отыр. Жылына 1,3 млн тонна түрлі маркадағы цемент шы­ғарады.

Шымкент • 05 Маусым, 2026

Құрылыс саласын ауқымды өзгеріс күтіп тұр

Шымкенттегі «Көрме орталығында» «Aqqala Build Shymkent 2026» халықаралық B2B құрылыс форумы мен көрмесі өтті. Оған шетелдік және отандық құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері, инвес­торлар, сәулетшілер мен құрылыс материалдарын жеткізуші мекемелердің қызметкерлері шақырылды.

Шымкент • 16 Сәуір, 2026

Шымкенттің мәдени-туристік мүмкіндігі бағамдалды

Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында мәдениет саласындағы іргелі жобаларды пысықтап, шаһардың туристік әлеуетімен, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапат тапсырды.

Шымкент • 11 Сәуір, 2026

Балалар құқын қорғайтын басқарма

Шымкентте, өкінішке қарай, азғындық, балаларға қатысты қатыгездік сынды оқыс оқиғалар белең алып барады. Бүгінде қалада екі баланы зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Форум • 28 Наурыз, 2026

«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы

Еліміз цифрлық экономиканы дамытуда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жаңа ше­шім­­дер мен бастамалар Шымкент­те өткен «Digital Qazaq­stan 2026» форумында танысты­ры­лып, технологиялық инфрақұ­ры­лым, адам капиталы мен инно­ва­циялық кәсіпкерлікті қолдау тетік­тері сараланды. Жиында ұсы­нылған жобалар елдің цифр­лық экожүйесі кезең-кезеңімен қа­лып­тасып келе жатқанын көрсетті.

Шымкент • 17 Наурыз, 2026

Шымкент көшелеріне 1,6 млн түп гүл егіледі

Биыл Шымкент көшелері мен қоғамдық орындарына 1,6 млн түп гүл егіледі. Осы мақсатта қаладаағы Асар шағынауданында аумағы 2 гектарлық жылыжайда көп жылдық гүлдер өсірілген, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 31 Қаңтар, 2026

24 отбасы қоныстойын тойлады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков 24 отбасына пәтер кілтін табыстады. Жаңа қоныс иелері – әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтар. Пәтерлер шаһардың Тұран шағын ауданындағы жаңадан салынған көпқабатты үйлерден берілді. Баспаналы болған отбасылар пәтерлердің тек жалдау құнын төлеп тұрады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 08:43

Бас редактор мерейі

Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:38

Фото
Яндекс.Метрика