Шымкент • Кеше

Қарапайым мамандықтарға грант көбейді

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының дерегінше, былтыр қалада 49 мың адам жұмыспен қамтудың әртүрлі шарасына қатысуға тиіс болған. Қуантарлығы, бұл көрсеткіш асыра орындалып, 53 мыңнан астам тұрғын жұмыс мәселесінде мемлекеттен үлкен қолдау тапты.

Қарапайым мамандықтарға грант көбейді

Сурет: jasqazaq.kz

Нәтижесінде, мегаполисте жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға, жас­тар арасындағы жұмыс­сыз­дық 2.9%-ға төмендеді. Суб­си­дия­ла­натын жұмыс орындарына жолданғандар – 5 403, бос жұмыс орнына орналасқандар – 12 555 адам. Одан бөлек, кәсіптік білім алуға – 760, онлайн платформаға – 3 657, ваучерлік оқуға 128 адам жіберілді. Жалпы, жұмыспен қамту шарасына 25 630 тұрғын қатысты.

Басқарма мамандарының айтуынша, бүгінде шаһарда жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып жатыр. Оның нәтижесі де жоқ емес. Айталық, әуелгі меже – 21 мыңның орнына 27 781 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 127%-ға орындалды.

Сонымен қатар өткен жылы мега­­полисте жұ­мыспен қам­­­­туға ар­­нал­ған 76 іс-шара ұйым­дастырылды. Оның ішінде қалада, шалғай елді мекендерде өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, «Ашық есік» күндері бар. Жәрмеңкелерге 400-ден астам жұмыс беруші мен 4,5 мыңға  жуық жұмыссыздар қатысып, нәтижесінде 711 азамат тұрақты жұмысқа, 291 тұрғын субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Одан бөлек, басқарма мамандарының түсіндірме жұмыстары арқылы мыңнан астам азамат солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасымен жақын танысты. Ақыр соңында осы бағдарламаға 160 отбасы немесе 677 адам қатысуға ниет білдіріп, жұмыс күші тапшы болған солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аударды.

Әлеуметтік салаға жауапты мекеменің мәліметінше, 2025 жылы Шымкентке 1 045 қандас көшіп келіп, бүгінде жаңа өмір жағдайына бейімделіп жатыр. Олардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Солардың ішінде  22 қандас жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Сондай-ақ қалалық білім басқармасының дерегіне сүйен­сек, 2025–2026 оқу жылына техникалық, кәсіптік маман­­­дық­тарға 8000 грант бөлінген. Бұл ретте өткен Жұмысшы ма­мандықтар жылы аясында білік­ті кадрларды даярлау ісіне қарастырылған грант 29,2%-ға көбейген. Тиісті мамандықтарға грант бөлу жөнінде 246 жергілікті кәсіпорын арнайы өтінім берген. Демек мегаполистегі шағын және орта бизнес саласына кәсіптік, тех­ни­калық мамандықтар ауадай қажет болып тұр. Өз кезегінде арнайы құрылған комиссия 70 мамандық бойынша 8000 орынға бөлінген мемлекеттік тапсырысты қаладағы 26 колледжге үлестірген. Тапсырыс негізінен білім, өнер, гуманитарлық, әлеуметтік ғылым, ақпарат, бизнес, басқару, құқық, ақпараттық-коммуникациялық технология, инженерлік, өңдеу және құрылыс, ауыл, орман, балық шаруашылығы, ветеринария, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, қызмет көрсету секілді салаларды қамтыған.

 

ШЫМКЕНТ 

Соңғы жаңалықтар