ҚР Президенті Әкімшілігінің және Темір аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Алмас Жақсылықұлы Жақсылықов Темір ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмас Жақсылықов 1978 жылы дүниеге келген. 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Еңбек ресурстарын басқару», 2019 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы «Көмірбанк» ААҚ Алматы қаласындағы филиалының қауіпсіздік қызметінің қызметкері болып бастаған.
2004 – 2009 жж. Ақтөбе облыстық көліктік инфрақұрлымды дамыту басқармасының, Темір аудандық құрылыс бөлімінің жетекші маманы; 2009 – 2013 жж. «Тазалық», «Шұбар-құдық», «Шұбарқұдық-жылу» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің және «CENTRUM KAZAKHSTAN» ЖШС директоры лауазымдарында қызмет еткен.
2013 – 2018 жылдары Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Темір ауданы «Жастармен жұмыс бойынша ресурстық орталығының басшысы, Темір аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; 2018 – 2023 жылдары Хромтау қаласының әкімі, Ақтөбе қаласының «Астана» ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2023 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе қаласының «Астана» ауданының әкімі қызметін атқарып келген.