Ұлттық құндылықтарды бағалау, насихаттау – елге міндет. Осы орайда Жаңаөзен қаласының кіреберісіне биіктігі – 10, ені 4 метр болатын «Домбыра» инсталляциясы орнатылды. Бұл нысан тартымды орын ғана емес, қала көркін арттыру, ұлттық мұраны құрмет тұту, қазақтың үні мен асыл дүниесін жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында маңызды орын.
«Домбыра – біздің тарихымыз, ұлттың үні. Ата-бабамыз ішкі күйзелісін де, қуанышын да домбырамен жеткізген. Келіннің бетін де ұлттық аспаппен ашқан. Біз Жаңаөзенді қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр мен мәдениеттің ошағы, білім мен өркениеттің қаласы екенін көрсеткіміз келді», дейді Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Әділет Сәми.
Қазіргі уақытта инсталляция аумағына қосымша жарық шамдар қойылып, аббаттандырылып жатыр. Халқымызбен бірге жасап келе жатқан төл аспабымыз – домбыраға қалай құрмет көрсетсек те артық емес, сондықтан Жаңаөзен кіреберісіндегі арт-объект халықтың көңілінен шығады деп ойлаймыз.
Маңғыстау облысы