• RUB:
    5.07
  • USD:
    522.63
  • EUR:
    548.66
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:47

8 мыңға жуық қыл­мыс тір­келген: Алматы әйелдер үшін қауіпсіз бе?

30 рет
көрсетілді

Полиция қызметкерлері ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылдың 10 айында Алматыда әйел­дерге қа­тысты 7705 қыл­мыс тір­келген, бұл көр­сет­кіш өткен жыл­дың осы кезеңімен са­лыс­­тырғанда 8,1%-ға кеміген.

Еліміздің ірі мегаполисінде әйелдер қауіпсіздігі қаншалықты бақылауға алынған? Бұл сұрақтың жауабын «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Айнаш Есали іздеп көрді.

Автор «Отбасындағы озбырлық: себебі, салдары, сабағы» атты мақаласында әлімжеттіктің тақсіретін тартып келе жатқандар жетіп артылатынын тілге тиек еткен. Мәселен, 2024 жылдың 10 айында Алматыда әйел­дерге қа­тысты 7705 қыл­мыс тір­келген, бұл көр­сет­кіш өткен жыл­дың осы кезеңімен са­лыс­­тырғанда 8,1%-ға кеміген. Тұрғындар арасында ақпараттық-түсін­діру жұмыстары жүргізіліп, оқу орындары мен ұйымдарында 160 дәріс, тренинг мен кездесу өткізілді. Әйел­дерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлар 776 әйелге кеңес берсе, 150 әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылып, 9 әйел «Аналар үйі» бас­панасынан қолдау тапты.

Алмалы аудандық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айгерім Құласбекованың айтуынша, биыл отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу амалдары едәуір күшейтілді. Профилактикалық есепке 6800-ден астам адам қойылды, 6200-ден астам қорғаныс ұйғарымы шы­ғарылды. «Серіктестік – тұрмыстық зорлық-зом­бы­­лықтың алдын алу құралы» жобасы аясында 105 озбыр психо­коррек­ция­лық бағдарламаларға жіберілді.

Еске сала кетейік, осы жылдың сәуірі айынан бастап Қазақстанда үйдегі зорлық-зомбылық қылмыс санатына жатқызылды, ендігі жерде отбасы мүшесін ұрып-соққан, денсаулығына жеңіл, орташа, яки ауыр зақым келтірген адам қыл­мыс­тық жауапкершілікке тартылады.

Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің №244 (30973) санынан оқи аласыздар.