Астанада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұған дейін желіде Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (басқа мәліметтер бойынша - майор) астаналық госпитальда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тараған болатын.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды», делінген хабарламада.