Елордада осы айдың 16-17 күндері тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара биден Азия және Тынық мұхиты аймағының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тайвань, Жапония, Оңтүстік Корея, Мексика елдерінен және Гонконг, Тайбэй қалаларынан барлығы 60-қа жуық пара спортшы қатысып, комби-стандарт, комби-латина, дуо-стандарт, дуо-латина, фристайл, сингл номинациялары бойынша сайысты.
CSP-parasport.kz мәліметінше аталған жарыста отандасымыз Айгүл Балмагамбетова алтыннан алқа тақты.