СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы пара алып жатқанда ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шарасының нәтижесінде 19 желтоқсанда парамен ұсталды.
«2024 жылғы 19 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша ішкі қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шарасының нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А. Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары (7,9 млн. теңге) көлемінде пара алу кезінде ұсталды», делінген соттың хабарламасында.