Қоғам 20 Желтоқсан, 2024

Перизат Қайраттың анасы күдікті деп танылды

263 рет
көрсетілді

Жуырда қамауға алынған ерікті Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева ұрлық туралы іс бойынша күдікті деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жазды.

«Алашбаева ұрлық туралы іс бойынша күдікті деп танылды»,  делінген хабарламада.

Тергеушілердің пікірінше, ол қызына зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету үшін көктемгі су тасқыны кезінде жинаған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға белсенді көмектескен.

Естеріңізге салайық, Перизат Қайрат биылғы су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған 1,5 млрд-тан астам қаржыны ұрлады деп айыпталған.

Соңғы жаңалықтар