Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ықпалы болатынын хабарлады. Яғни қар жауып, бұрқасын тұрып, екпіні күшті жел соғатыны күтіліп отыр.
Тек республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.
21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.
23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуымен еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Дегенмен температураның әсерінен күрт өзгерістер күтіліп отырған жоқ.