• RUB:
    6.05
  • USD:
    518.57
  • EUR:
    566.59
Басты сайтқа өту
Архив 22 Желтоқсан, 2024

22 желтоқсан – архив саласы қызметкерлерінің мерекесі

120 рет
көрсетілді

Бүгін, 22 желтоқсан, ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып жүрген архив саласының мамандары күні, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі барлық архивтер Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сай жұмыс жүргізеді.

Айтулы мереке Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 қаулысы негізінде «22 желтоқсан - Архившілер күні» болып бекітілді.

Айтулы күнмен барша архившілер қауымын құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, кәсіби табыстар мен отбастарыңызға амандық тілейміз!