Аймақтар 22 Желтоқсан, 2024

Оралда жолаушылар автобусы өртенді

50 рет
көрсетілді

Оралда жолаушылар автобусында өрт шықты. Оқиға бүгін 22 желтоқсанда С.Датов көшесі бойында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Автобустың мотор бөлігі жанған. ТЖМ күштерімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.

Осы ретте ТЖМ төтенше жағдай туындаған жағдайда шұғыл түрде 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.