Семей қаласының әкімі қызметіне Талғат Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғат Батырұлы Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеген.
Осы тағайындауға дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарған.