Қатардың Доха қаласында ауыр атлетикадан өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында біздің спортшылар әртүрлі салмақ дәрежелерінде жоғары нәтижелер көрсетіп, көптеген медальдар жеңіп алып, жаңа әлемдік рекордтар орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан құрамасының қоржынына 18 алтын, 12 күміс және 13 қола медаль қосылды:
Жасөспірімдер, 67 кг:
Тұрсынбеков Ерсұлтан: жұлқа көтеру – 128 кг (2-орын), серпе көтеру – 150 кг (5-орын), қос сайыс – 278 кг (4-орын).
Жастар, 81 кг:
Рахымберді Әлібек: жұлқа көтеру – 146 кг (4-орын), серпе көтеру – 184 кг (3-орын), қос сайыс қорытындысы бойынша 330 кг нәтижемен қола медаль жеңіп алды.
Қыздар, 64 кг:
Тәнибергенова Алтынай: жұлқа көтеру – 84 кг (2-орын), серпе көтеру – 108 кг (2-орын), қос сайыс – 192 кг (күміс).
Қыздар, 71 кг:
Данилова Кира: жұлқа көтеру – 89 кг (1-орын), серпе көтеру – 110 кг (2-орын), қос сайыс – 299 кг (күміс).
Ысмынова Бибінұр: жұлқа көтеру – 75 кг (3-орын), серпе көтеру – 95 кг (3-орын), қос сайыс – 170 кг (қола).
Қыздар, 76 кг:
Ерімбет Аружан: жұлқа көтеру – 79 кг (3-орын), серпе көтеру – 95 кг (3-орын), қос сайыс – 174 кг (қола).
Қыздар (20 жасқа дейін), 81 кг:
Новикова Виктория: жұлқа көтеру – 92 кг (2-орын), серпе көтеру – 120 кг (2-орын), қос сайыс – 212 кг (күміс).
Орманбаева Санья: жұлқа көтеру – 91 кг (3-орын), серпе көтеру – 118 кг (3-орын), қос сайыс – 209 кг (қола)