Оқиға 25 Желтоқсан, 2024

Ұшақ апаты: Әзербайжан Президенті көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты

102 рет
көрсетілді

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бакуден Грозныйға ұшқан Әзербайжан әуе жолдары компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін», делінген хабарламада.